Шу туғызған кортеж: Алматы әкімдігі желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде Алматы тауларында полицейлердің сүйемелдеуімен бірнеше көліктің жүріп өткені түсірілген видео жарияланды. Онда көліктің ішінде шаһар әкімі Дархан Сатыбалды болғаны айтылған. Қала әкімдігі бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Видео желі қолданушыларының ашуын туғызған. Алайда әкімдік өкілдері бұл көліктің ішінде жаңа әкім Дархан Сатыбалдының болмағанын айтты.
"Таулы аймақта жүрген кортеждегі көліктердің бірінде Алматы қаласының әкімі болды" деген желідегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Әрі көпшілікті тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. Сондай-ақ қала әкімінің шаһарды аралауы кезінде көлік қозғалысына шектеу қойылмайтынын еске саламыз, - делінген әкімдік хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматының тауларында адасқан үш қыз құтқарылды
Келесі жаңалық
Тоқаев Таиланд халқын Ұлттық мерекесімен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы