Шу тұрғынынан 30 кг марихуана тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ПД Есірткі қылмысымен күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданында 41 жастағы Төле би ауылының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның көлігін тінту кезінде, салмағы 4кг 630г гашиш есірткі салынған полиэтилен пакет табылған.
Сондай-ақ ұсталған азаматтың тұрғылықты мекенжайынан 12-калибрлі қару және оның 4 оғы, қоймасынан 30 келі 380 гр салмақта кептірілген "марихуана" есірткі заты анықталған.
Бүгінгі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мейрамханадан ақша толы сейф ұрланды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы