Шу ауданының тұрғынынан 7 келіден астам есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер Шу ауданының тұрғынынан 7 келіден астам есірткі тәркіледі,  деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 50 жастағы тұрғынын ұстады, оның үйіндегі ас бөлмесі мен сарайын тінту барысында жалпы салмағы 7 келі 420 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады және Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы