Шу ауданы тұрғынынан 16 келіден астам марихуана тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер Шу ауданы тұрғынынан 16 келіден астам марихуана тәркіледі. 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Шу ауданы Көктөбе ауылының 39 жастағы тұрғынынан 16 кг  540 г кептірілген марихуана есірткі заты анықталды. Күдікті кінәсін толықтай мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, - делінген хабарламада.

Аталған дерекбойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы Полиция департаменті есірткі құралдарын заңсыз өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, сондай-ақ
2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткі заттарын жарнамалайтын интернет-сайттары көрсетілген граффити-жазбалар және тыйым салынған өнімдер туралы мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын хабарлайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы