Шри-Ланкадағы қолайсыз ауа райынан 607 адам қаза тапты
"Дитва" циклонына байланысты жағымсыз ауа райынан Шри-Ланкада қаза тапқандар саны 607 адамға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.
Шри-Ланканың Табиғи апаттармен күрес орталығының мәліметінше, тағы 214 адам деп есептеліп отыр. Ал апат ел бойынша 586 464 отбасынан құралған 2 миллионнан астам адамға әсер еткен. 4 164 үй толық қираған, тағы 67 505 үйге ішінара зақым келген.
Сонымен қатар Шри-Ланка метеорология департаменті 9–11 желтоқсан аралығында елдің кейбір аймақтарында солтүстік-шығыс муссондарының әсерінен жауын-шашын мөлшері көбейетінін ескертті.
Шри-Ланканың Құрылыс және зерттеу мәселелері жөніндегі ұлттық ұйымы да Канди, Кегалле, Курунегала, Матале және Нувара-Элия округтеріндегі бірқатар аудандар үшін көшкін қаупіне байланысты 3-деңгейдегі ескерту жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Финляндия Президентін құттықтады
Келесі жаңалық
Камчаткада жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы