Шри-Ланкада циклон салдарынан қаза тапқандар саны 334-ке жетті

Шри-Ланкада "Дитва" циклоны салдарынан қаза тапқандар саны 334-ке жетті. Бұл туралы The New Indian Express газеті апаттарды жою агенттігіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Циклон салдарынан елде су тасқыны мен көшкіндер орын алып, шамамен 400 адам хабар-ошарсыз кеткен. Қазіргі уақытта жаңбыр тоқтағанымен, кейбір ойпатты аймақтар әлі де су астында қалып отыр.

Бұған дейін 29 қарашада жарияланған мәлімет бойынша, циклон салдарынан 123 адам қайтыс болып, 130 адам жоғалып кеткен болатын. Құтқару жұмыстары жалғасуда, ал билік зардап шеккендерге көмек көрсету шараларын күшейтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы