14 Желтоқсан 2021 2021, 16:19
Шри-Ланкада табылған алып жақұтқа «Азия ханшайымы» атауы берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салмағы 310 келі алып жақұт көпшілікке көрсетілді, деп хабарлайды Хабар 24.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салмағы 310 келі алып жақұт көпшілікке көрсетілді, деп хабарлады Хабар 24.
Асыл тас шамамен үш ай бұрын табылған. Енді оны халықаралық ұйымдар сертификаттаудан өткізуі тиіс. Сондай-ақ сарапшылардың көмегімен құнын анықтау көзделіп отыр.
Жалпы жақұт табылған Ратнапура қаласы Шри-Ланканың «асыл тастар астанасы» саналады. Былтыр оларды экспорттау нәтижесінде мемлекет қазынасына жарты миллиард доллар табыс түскен.