Шри-Ланкада су асты мұражайы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шри-Ланканың Галле қаласында су асты мұражайы ашылды. Бұл музейді 15 метр тереңдікте елдің әскери-теңіз флоты салды, деп жазды Хабар24.
Кешенді тәжірибелі сүңгуірші флот адмиралының орынбасары Пиял де Силва ашты. Енді дайвингпен айналысатын туристер балықтарды тамашалаумен қатар су астындағы мұражайға да бара алады. Голландиялық ескі қамалы бар Галле қаласы елдің туристтік орталығы саналады. Ал кезінде Цейлон деп аталған бұл арал әсем табиғаты үшін жер бетіндегі жұмақ деген атауға ие болған еді. Былтыр бұл елге 2 миллионнан аса шетелдік турист келген болатын.
Елдің жалпы ішкі өнімінде туризмнің үлесі 11 процент. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында шекаралар жабылып, ел миллиардтаған доллар табысынан айырылды. Шри-Ланкада коронавируспен 1947 адам ауырып, он бірі қайтыс болды. Үкімет 1 тамыздан бастап туризм саласын қайта жандандыруды көздеп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
20 маусымға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы