Шри-Ланкада наразылыққа шыққандар президент сарайын басып алып, астан-кестеңін шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамдар президенттің бассейніне түсіп, асханасын қиратқан.
Президент қашып үлгерді деп жазады Lenta.ru.
Коронавирус пандемиясы Шри-Ланка экономикасына айтарлықтай нұқсан келтірді. Негізінен туризм есебінен күн көріп отырған ел шекара жабылған соң елді тығырыққа тіреді.
Кедейліктің тауқіметін қатты тартқан халық президент сарайына келіп, оны басып алды. Президент қашып үлгерген.
Оппозиция президент пен премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етіп отыр. Ел басшысы оның кетуін сұраған партия көшбасшыларының кез келген шешімімен сырттай келіскен.
Республикада азық-түлік тапшылығы қатты сезілуде, ең алғашқы қажетті заттар, дәрі-дәрмек пен газ да жоқ. Шри-Ланканың көптеген аудандары отын жеткіліксіздігінен электр энергиясының берілуінде үнемі үзілістердің болуынан зардап шегуде. Аралда орналасқан мемлекеттің сыртқы қарызы 51 млрд долларды құрайды.