Шри-Ланкада діни фестиваль кезінде пілдер адамдарды басып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шри-Ланканың Котте қаласында өткен діни фестиваль кезінде екі піл адамдарға шабуылдап, жолында тұрғандарды басып өткен, деп хабарлады «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиғадан 17 адам зардап шекті. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Мамандардың айтуынша, науқастардың ішінде ауыр халде жатқандар да бар. Айта кетейік, демалыс күндері Шри-Ланкада діни мереке басталған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы