Шри-Ланка түрмесіндегі тәртіпсіздіктен қаза тапқандар саны 25-ке жетті
Қақтығыс кезінде жүзге жуық адам жараланып, түрме аумағына қосымша қауіпсіздік күштері тартылды.
Шри-Ланканың батысындағы Негомбо қаласындағы түзеу мекемесінде болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан кемінде 19 адам қаза тауып, тағы 50-ден астамы жарақат алды.
Жергілікті полицияның мәліметінше, қақтығыс жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында екі топ сотталушы арасында басталған. Кешке қарай жағдай бақылауға алынғанымен, келесі күні таңертең тәртіпсіздік қайта өршіген.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында түрме қызметкерлері мен қауіпсіздік күштерінің өкілдері де бар.
Ел билігінің хабарлауынша, ауыр жараланғандар Коломбо ұлттық ауруханасы жеткізіліп жатыр. Сонымен қатар түзеу мекемесіндегі жағдайды тұрақтандыру шаралары қабылдануда.
Қазіргі уақытта сотталғандар арасындағы жанжалдың шығу себептері анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты тергеу жүргізуде.
- Астанада «Тазабек» атты робот оқушыларға қоршаған ортаны аялаудың маңызын айтты 16:06
- Алаяқтарға алданған адам ақшасын сақтап қалу үшін не істеуі керек? 16:03
- Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды 15:43
- Президент: Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз 15:25
- Тоқаев: Ешкім заңнан тыс қалуға құқылы емес – бұл менің берік ұстанымым 15:21
- Президент: Заң мен сот алдында бәрі тең, «өзіміздікі» және «бөтен» деп бөлуге жол берілмейді 15:08
- Президент: Конституцияны, оның негізгі ережелерін менсінбеу – халықты кемсітумен тең 15:06