ШҚУ-да жұмыс берушілерге арналған электрондық анықтамалық әзірленді

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жұмыс берушілерге арналған жыл сайынғы «Түлек-2024» атты анықтамалық әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

Оның негізгі мақсаты – университеттің түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектесу және жұмыс берушілерге білікті мамандарды іздеуге көмектесу.

Анықтамалықта білімімен, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметімен, университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысуымен ерекшеленген түлектердің түйіндемелері берілген.

Электрондық анықтамалықпен университет ресми сайтында «Мансап және жұмысқа орналастыру» бөлімінде танысуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы