ШҚО-да су құбырын тартуға бөлінген қаражат талан-таражға түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұртай Сабильянов Facebook-тегі парақшасында жазды.


Биыл жазда Шығыс Қазақстан облысының алыстағы аудандары мен ауылдарында халықпен кездесулер өткізгенмін. Cол кезде Аягөз ауданының Көксала ауылына барғанда, осы ауылда туып-өскен, белгілі әнші, композитор, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Тоқтар Серікпен кездестім, - деп жазды ол.

Оның сөзінше, ШҚО-да, соның ішінде Аягөз ауданында таза ауызсу мәселесі өте өзекті болып тұр.


Көксала ауылын таза ауызсумен қамтамасыз етуге бюджеттен қаражат бөлінсе де, ауыл тұрғындары әлі таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Жалпы, бұл мәселе ШҚО-да, соның ішінде Аягөз ауданында өте өзекті болып тұр. Өйткені 2017-2018 жылдары Аягөз қаласын таза ауызсумен (2 жоба), кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге, Дөненбай, Ай (Мыңбұлақ), Қопа ауылдарына су құбырын тартуға бөлінген бюджет қаражаты талан-таражға түскен. Қаражал ауылына да су құбырын тартуға бюджет қаражаты бөлінген еді. Бірақ су құбыры әлі жұмыс істемейді. Тиісті мемлекеттік органдарға сауал жіберілді, - деп жазды Сабильянов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы