ШҚО тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленді

ШҚО тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленді,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жеке тұтыну мақсатында ірі көлемде есірткі затын дайындаған ер адамды ұстады.

Жедел іс-шаралар барысында одан 4 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленген.

Тыйым салынған затты ол өз үйінің аумағында – шатырында және жазғы асүйінде сақтаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден бас тартуға шақырады.

Әрқайсысымыз азаматтық белсенділік танытып, осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау арқылы қоғамды қауіпсіз ете аламыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы