ШҚО тұрғындары КВИ-ға қарсы вакцинациядан толықтай өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Бүгінде ШҚО-да КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентін 100% тұрғындар алған.
Ал «Комирнати» вакцинациясына келсек, 11 сәуірдегі жағдай бойынша, 1-компонентін 2 791 жүкті әйел, 9 461 бала емізетін әйел, 94 955 жасөспірім алған. 2-компонентімен 2 597 жүкті әйел, 8 764 бала емізетін әйел, 92 887 жасөспірім егілген. Сондай-ақ, өзге санаттағылар қатарынан аталмыш вакцинаның 1-компонетін 316, 2-компонентін 54 адам алған.
Жалпы, 107 523 адам «Комирнати» вакцинасының 1-компонентін, 104 302 адам 2-компонентін алды.
Вакцина салдырған адамдарда вакцинаға қолайсыз реакциялар тіркелмеген. 2022 жылғы 11 сәуірдегі соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 566 598 коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті. QazVac, VeroCell, Спутник Лайт вакциналарымен ревакцинация жүргізу коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеттің толықтай қалыптасуына әсер етеді, - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.