ШҚО таулы аудандарын аэровизуалды тексеру жүргізілді

Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі байқалмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаевтың қатысуымен арнайы жұмыс тобы "Өскемен-Алтай-Катонқарағай" бағыты бойынша ұшып өтті.

Ұшу қардың негізінен таулардың солтүстік беткейлерінде жатқанын көрсетті. Жазық бөлігі мен оңтүстік беткейлері таза.

Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі байқалмайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы