2 Тамыз 2026, 15:18 Фото: ҚР ТЖМ

ШҚО тауларында өздігінен түсе алмаған ер адам құтқарылды

Шалқар көлі маңында тауға көтерілген азамат өздігінен түсе алмай қалған. Құтқарушылар оны аман-есен төмен түсіріп, медициналық көмектің қажет болмағанын хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында, Шалқар көлі маңында құтқарушылар тауға көтеріліп, өздігінен төмен түсе алмаған 2001 жылы туған ер адамға көмек көрсетті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ер адамға жетіп, оны биіктіктен аман-есен төмен түсірді.

Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласуға шақырды.