ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталды

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады.

№17 мекеме бастығының бұрыңғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы