ШҚО құтқарушылары су басқан жол арқылы тұрғындарды тасымалдауды жалғастыруда
Күршім ауданында Топтерек ауылынан 4 шақырым жерде қардың қарқынды еруі нәтижесінде ағын арқылы көпірдің бетон кұрылыстары шайылып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШҚО ТЖД күшімен қайықпен тұрғындарды су басқан жол учаскесі арқылы өткізу ұйымдастырылды. Өткен екі күнде жергілікті халықтан 60-тан астам адам тасымалданды.
ШҚО ТЖД су құтқарушылары қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды күндізгі уақытта ғана өткізеді.
Жергілікті атқарушы органдардың күшімен 15 адам және 2 бірлік техника санымен айналма жол салу жұмыстары жалғасуда.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы