ШҚО құтқарушылары мұз бетінде қалып қойған балықшыларды құтқарды

8 сәуірде Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында, Ертіс өзенінде екі балықшы сөгіліп жағадан алысқа кеткен мұз бетінде қалып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайға тап болған олар құтқарушылардан көмек сұрады.

Оқиға орнына келіп жеткен ТЖМ қызметкерлері 1966 және 1975 жылы туған екі адамды құтқарды. Құтқарушылар балықшылардың «қамалған» орнына резеңке қайықпен жетіп, ер адамдарға құтқару кеудешелерін кигізіп, жағаға аман-есен жеткізді.Оларға медициналық көмек қажет емес еді.

ШҚО ТЖД қазір мұз өте әлсіз, тәуекелге бармай, құтқарушылардың ұсынымдарына немқұрайлы карамауға кеңес береді.

Көктем мезгілінде мұз аса қауіпті болады.Мұз кез-келген уақытта жарылып жағадан алыстап кетуі мүмкін, ал оның еру процесі мұздың беріктігін төмендетеді. Балықшылар ережелерді мұқият ұстануы керек, - деп ШҚО ТЖД Самар ауданы ТЖБ бастығы Әсет Сейілқұмаров атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы