ШҚО прокурорлары балалар үйінің түлегіне тұрғын үйді қайтаруға көмектесті

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы өз құқықтарын өз бетінше қорғауға мүмкіндігі жоқ азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге ерекше назар аударуды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, Шемонаиха ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында балалар үйінің түлегі А.В.О. құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Белгілі болғандай, ол балалар үйінде болған кезеңде Шемонаиха қаласында орналасқан тұрғын үй мен жер учаскесі аудан әкімдігі тарапынан заңсыз үшінші тұлғаларға берілген.

Барлық құжаттарды зерттеп, аудандық прокуратура қызметкерлері тәрбиеленушіге сотқа талап арызын дайындау мен оны беру барысында құқықтық көмек көрсетті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен А.В.О. талап-арызы қанағаттандырылып, дауласқан нысанға қатысты құқық белгілейтін құжаттар жарамсыз деп танылды.

Қабылданған шаралар әділдікті қалпына келтіруге және балалар үйінің тәрбиеленушісінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы