ШҚО полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге қыс мезгіліне көлікті алдын ала дайындау керектігін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алдағы күндері өңірде көктайғақ болып, кей аймақтарда қар аралас жаңбыр болуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Қыста, көктайғақ кездерінде жүргізушілер жол ережелеріне ерекше назар аударуы керек. Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Жол бойындағы жаяу жүргіншілерге де өте мұқият болыңыздар. Біздің экипаждар тәулік бойы қызмет етеді және кез келген уақытта көмекке келуге дайын, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары қысқы дөңгелектерді де уақытылы ауыстыру керектігін атап өтті.

Жолда қандай да бір жағдайға тап болсаңыз 102 арнасына хабар беріңіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы