ШҚО полицейлері орманда жоғалып кеткен зейнеткерді іздеп тапты

ШҚО полицейлері орманда саңырақұлақ теріп жүріп жоғалып кеткен зейнеткерді іздеп тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Жақында Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны жүгініп, оның 73 жастағы анасы шамамен 2 сағат бұрын орманда жоғалып кеткені туралы айтқан.

Белгілі болғандай, өтініш беруші әкесімен, анасымен және оның құрбысымен бірге айналма жолдың жанындағы орманға саңырауқұлақ іздеп келген. Саңырауқұлақтарды іздеп болған соң, 2 сағаттан кейін олар көлікке оралған, ал анасы оралмаған. Осыдан кейін, өз беттерінше іздеп таба алмағанан кейін, туыстары полицияға жүгінген.

Сигнал алғаннан кейін тәртіп сақшылары еріктілерді, жергілікті тұрғындар мен ТЖД қызметкерлерін жұмылдыра отырып, дереу іздеуге кірісті. Полицейлер орманның әр жолын, шұңқырын және әйел адам болуы мүмкін жерлерді қарап шықты.

Таңертең сағат 06:00 шамасында полиция қызметкері Фархат Кенжебеков ормандағы соқпақ жолмен өзіне қарай келе жатқан әйелдің сұлбасын көрген. Қуанышты жаңалық бірден радио эфирі арқылы хабарланды.

Ол өзі түсіндіргендей, саңырауқұлақ жинау кезінде адасып кеткен, телефоны өзімен бірге болмаған және орманнан шығатын жолды табуға тырысқан, қараңғы түсіп кеткендіктен көмек күтуден басқа амалы қалмаған. Қазір зейнеткердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Қуанышқа кенелген туыстары аз уакыт ішінде әйелді тауып, үйіне қайтарған полицейлерге шын жүректен алғыс айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы