ШҚО полицейлері есірткі тасымалдаушыны ұстады

ШҚО полицейлер есірткі курьерінен шамамен 340 грамм гашиш тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күдікті қамауға алынды.

Көрші облыстың 28 жастағы тұрғыны ШҚО аумағында аса ірі мөлшерде есірткі сатуға тырысқан.

Ұстау кезінде жедел уәкілдер оның көлігінің салонынан жалпы салмағы шамамен 340 грамм болатын өсімдік тектес есірткі заты – гашиш тәркіледі, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тәртіп сақшылары өткізу мақсатында есірткі заттарын сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы