ШҚО полицейлері 3 күнде 10 киберқылмысты ашты

ШҚО аумағында 26-28 шілде аралығында ақпараттандыру саласында жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған “Anti-fraud” мемлекетаралық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезеңінде облыс аумағында бұрын жасалған 10 қылмыс ашылды. Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу нәтижесінде 31 заңсыз сайт анықталды. 

ШҚО бойынша Полиция департаменті сақтық шараларын сақтау қажеттілігін еске салады және интернет арқылы сатып алу кезінде сақ болуға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы