25 Қараша 2023 2023, 11:08 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ШҚО өрт сөндірушілері 15 тұрғынды құтқарды

Өскемен қаласында өртенген үйден 15 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскемен қаласында өртенген үйден 15 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 қарашада қаладағы Свобода көшесінде 5 қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты.

Шақырту түсе салысымен өрт сөндірушілер оқиға орнына жолға шықты. Келген кезде 1 қабаттың терезесінен шығып жатқан қою түтінді көрді. Түтін арасынан терезе жанында тұрған адам байқалған. Олар терезе арқылы ішке кіріп 2 адамды құтқарып қалды. Атап айтқанда, 56 жастағы үй иесі мен оның 87 жастағы әкесі, - делінген ақпаратта.

Көк түтін үйдің подъезінен басқа қабаттарға таралған. ТЖД қызметкерлері басқа пәтерлердегі 6 тұрғын мен үш баланы сыртқа алып шықты. 4-ші қабаттағы пәтерден автосаты арқылы тағы 6 бала құтқарылды.

Көп ұзамай жалпы ауданы алты шаршы метрді құраған тілсіз жау толығымен ауыздықталды.

Зардап шеккен ешкім жоқ. Жалынмен күреске жеке құрамнан 21 адам мен 7 техника жұмылдырылған.