ШҚО-ның таулы аймағындағы өртті сөндіруге бірнеше тікұшақ тартылды

Шығыс Қазақстан облысы Черно-Убинск орманшылығындағы өрт бүгін 7 га алаңда оқшауланды. Қою түтін өртті сөндіруде қиындық туғызған, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Таулы жер болуына байланысты өрт сөндірушілер, орманшылар және «Қазавиақорғау» десанты ШҚО әкімдігі авиабөлімдерінің Ми-8 тікұшағымен жану ошағына жеткізілді.

Оттың таралуын жоғарыдан «Қазавиақұтқару» тікұшағының ұшқыштары бақылап отырды және десантшыларға жану жиегінің дәл координаттарын берді. Бұл түтінге қарамастан өртті қоршауға және оның үлкен аумаққа таралуына жол бермеуге көмектесті.

Өртті сөндіруге ШҚО орман шаруашылығы мен ТЖД-дан 72 қызметкер, 4 техника, ШҚО авиабөлімшесінің МИ-8 бен МИ-2 және «Қазавиақорғау» тікұшақтары жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы