30 Сәуір 2023 2023, 03:40
Фото: ortalyq.kz
ШҚО-ның екі қаласында зияткерлік бейнекамералар іске қосылады
Алтай мен Риддер қалаларында зияткерлік бейнекамералар орнатуды іске асыру рәсімі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алтай мен Риддер қалаларында зияткерлік бейнекамералар орнатуды іске асыру рәсімі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Altaynewsтың мәліметінше, Риддер қаласында зияткерлік камералар 7 қиылыста, 17 желілік учаскеде және 249 қоғамдық қауіпсіздік бейнекамерасында орнатылады.
Алтай қаласында аппараттық-бағдарламалық кешендер 3 қиылысты, 17 желілік учаскені және 154 қоғамдық қауіпсіздік бейнекамерасын қамтиды. Осының бәрі – аталған қалалардағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан қадамдар, – деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.