ШҚО-ның бірқатар ауданында оқушылар сабақты қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да ауа температураның төмендеуіне байланысты кейбір аудандарда сыныптар қашықтықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды Алтайньюс.
Атап айтқанда, Бесқарағай ауданында ауа температурасының төмендеуіне байланысты Канонерка орта мектебінің – 0-11 сыныптары, Семияр, Семеновка, Қоянбай, Жыланды, Беген, Мало-Владимировка орта мектептерінің – 1-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшті.
Ал Алтай ауданында ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендегендіктен 0-9 сыныптарға сабақтар тоқтатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СІМ Human Rights Watch ұйымының «Қасіретті қаңтар» оқиғалары жөніндегі сауалына түсініктеме берді
Келесі жаңалық
Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлады
Өзгелердің жаңалығы