ШҚО-ның Алтай ауданында су деңгейі түсіп жатыр
Бұл туралы ТЖМ ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еске сала кетсек, Соловьево ауылында түнгі уақытта су деңгейі көтеріліп, 24 үй аумағын су басу қаупі төнген. Оқиға орнына жедел облыс әкімі Ермек Көшербаев келіп, жағдаймен танысты.
Жағалауды бөгеу және еріген қар суын бұру жұмыстарымен айналысып жатқан мамандармен және тұрғындармен кездесті. Тұрғындар эвакуациялаудан бас тартып, уақытша туыстарының үйіне орналасты.
Екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбыр себебінен көтерілген су деңгейі қазірде 10-15 см төмендеді. Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган, ТЖ мамандары кезекшілік ұйымдастырып, полиция бекеті жұмыс жасап тұр, - деп жазды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су тасқыны: Астаналықтардың пікірі қандай
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы