ШҚО коронавирустан емделгендер саны бойынша екінші орында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда 129 науқас қауіпті індеттен сауығып шыққан, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Сонымен қатар 109 тұрғын үй карантинінен шықты. 

Аймақ бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Семей және Өскемен қалаларында тіркелген. Семейде 52 науқас инфекциялық бөлімнен жазылып шықса, Өскеменде 44 науқас емделген. 

Жалпы көрсеткіш бойынша аймақта 3340 науқастың 2280 жазылып шыққан. Сондай-ақ, 2888 симптомсыз науқас арасынан 1871-і үй карантинінен шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы