ШҚО-дағы Үлбі жағалауы кеңейтіліп жатыр
Облыс орталығында Үлбі жағалауы кеңейтіліп жатыр. Жұмыс қыс мезгілінде де тоқтаған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.
Жоба бойынша Спорт сарайы мен Шәкәрім даңғылының аралығына жол салынып, жағалау тұтас абаттандырылады.
«Астана көшесінің жалғасы» жобасы бойынша жоспарланған жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Күнделікті 70 техника жұмыс істейді. Жобаны, мейілінше, тезірек аяқтау үшін күзде де, қыста да жұмыс істеу тәжірибесін енгіздік. Соның нәтижесінде көктемде негізгі жұмысты бірден бастап кетеміз, – дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Бұл жоба жүзеге асса, Абай даңғылы, Красин көшесі, Үлбі көпірі және Шәкәрім даңғылындағы көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік туады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда 400 сарбаз әскери ант қабылдады
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы