Бүгiн 2026, 15:52
Фото: pixabay.com
ШҚО-дағы орман шаруашылығында ірі өрт шықты
Қызыл жалынды сөндіруге ТЖМ авиациясы мен бірнеше ведомствоның күштері тартылды.
Шығыс Қазақстан облысында ірі өрт тіркелді. Оқиға 20 маусым күні Ұлан ауданындағы Аюда шатқалында, «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, орманмен көмкерілген аумақта құрғақ шөп, бұталар мен орман өсімдіктері өртенген.
Өртті сөндіруге Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Сондай-ақ ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамына қарасты екі тікұшақ тартылған.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.