ШҚО-дағы ең танымал туризм бағыттары аталды

Аймақта төрт басым кластер анықталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Туризм ШҚО экономикасының негізгі өсу бағыттарының біріне айналып отыр. Аймақта төрт басым кластер анықталды: Катонқарағайдағы Wellness-туризм, Марқакөлдегі экологиялық туризм. Риддердегі тау-шаңғы туризмі, Өскемен мен көршілес аудандардағы демалыс туризмі, - деді Сақтағанов.

Туристерді тартуға AltaiFest және “Шығыс Салбурыны-2025” этномәдени фестивалі сияқты имидждік жобалар ықпал етеді. Фестивальге Қазақстаннан, Ресейден, Қытайдан, Испаниядан, Венгриядан, Моңғолиядан және Қырғызстаннан келген 148 бүркітші қатысты және 10 мыңнан астам көрермен жиналды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы