ШҚО-да жылу энергиясын тұтынушыларға 166 млн теңге қайтарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Монополияға қарсы қызмет өкілдері жүргізген зерттеулер бойынша өткен қыс маусымы өлкеде өте жайлы болды, деп жазды «Хабар 24».
Сәйкесінше жылумен қамтитын мекемелер көмірді аз тұтынды. Бұл қаржылық шығын да жоспардағыдан кем болды деген сөз. Сондықтан заңға сәйкес есеп-қисап қайта қарастырылу керек.
Осылайша алдағы жылдың қаңтар айында тұтынушылар тарифті екі есе төмен төлейтін болды.
Қыс қаншалықты жылы болса, көмір де аз жұмсалады, яғни шығын аз. Сондықтан 26 жылумен қамту нысаны қайта есептеу жүргізді, - деді Табиғи монополияларды реттеу агенттігі облыстық департаменті бөлімінің бас маманы Ақтөре Дидаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шілдеде қант қаншалықты қымбаттады – қалалар бойынша статистика
Келесі жаңалық
"ҚТЖ"-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған
Өзгелердің жаңалығы