ШҚО-да жыл басынан бері 40-тан астам автокөлік өртенді
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда барлығы 40-тан астам автокөлік өртенген. Тек өткен демалыс күндері құтқарушылар Өскеменде 3 автоөртті сөндірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көбінесе өрт техникалық себептерге байланысты болады – автокөліктің дұрыс жұмыс істемеуі немесе қосымша жабдықты орнату. Сонымен қатар өрттің ықтималдығы машинаның жағдайы мен күтіміне де байланысты.
Көлікте әрқашан өртсөндіргіш болуы керек. Егер көлік өртене бастаса, дереу тоқтап, қозғалтқышты өшіріңіз. Көліктен шығып, жолаушыларды түсіріңіз. Өрт аз болса, өртсөндіргішті пайдаланып өзіңіз сөндіруге тырысыңыз. Ал өрт үлкен болса, өзіңіз сөндірмеңіз, 101 немесе 112 телефондары арқылы өрт сөндірушілерді шақырыңыз, – деп ескертеді ШҚО ТЖД.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда педофил 20 жылға сотталды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы