ШҚО-да жүрген 5 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелдіктердің көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мақсатында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларда шетелдіктердің болуы туралы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыс жүргізуде.
5 шілдеде Көші-қон қызметінің қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Өзбекстан Республикасының 5 азаматын анықтады. Олар сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіру 5 жыл мерзімге жабық, - деп жалғастырды Максим Пупков.
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға материал Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жолданды.
Көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатын алмастан Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне тыйым салынғанын ескертеді, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Максим Пупков.