ШҚО-да жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 сәуірде 10:35 минутта Шығыс Қазақстан облысының Алтай-Қүмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып кетті. Вагондар цемент тасымалдаған.
Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Бір вагон "КузбассТрансЦемент" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны "Каспий Цемент" ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Құрам 28 км/сағ баяу жылдамдықпен жүрген, - делінген хабарламада.
Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздарының кідірісі орын алған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Вагондардың рельстен шығу себептері анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ноғаев: Балаларымыз бәсекеге қабілетті болуы керек
Өзгелердің жаңалығы