ШҚО-да жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 ақпан күні сағат 16.30 шамасында Глубокое ауданы Өскемен-Риддер автожолының 34 шақырымында жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлады Алтайньюс.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Datsun" маркалы көліктің 36 жастағы жүргізушісі мен оның 29 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес - Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бірқатар сот сараптамалары тағайындалған, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері қарауға жатпайды.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы