ШҚО-да жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам жараланды
Өскемен – Риддер тасжолының 48-шақырымында ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігі соқтығысты. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға салдарынан бес адам көз жұмып, бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды және ауа райы мен техникалық қауіпсіздік талаптарын ескеруді ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райына байланысты бірқатар жолдарда қозғалыс шектелді
Өзгелердің жаңалығы