ШҚО-да жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам мерт болды
Шығыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуынан 3 адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 24 қараша күні республикалық маңызы бар «Омбы – Майқапшагай» тасжолының 877-шақырымында, Тарбағатай ауданы аумағында орын алған. «Chevrolet Onix» жеңіл көлігі мен «Howo» маркалы жүк көлігі соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Осы ретте полиция қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырмауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы