ШҚО-да жедел жәрдем қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті

ШҚО-да аязға байланысты жедел медициналық жәрдем қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгін таңғы сағат жетілерде жедел жәрдем қызметіне Смолянка аулынан қоңырау түсті. Шалғайдағы елді мекенде 74 жастағы ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған.

Жақын маңдағы бригада Асубұлақта болған. Олар бірден жолға шықты. Алайда жедел жәрдем көлігі тек Огневка ауылына дейін ғана жете алған. Ары қарай жолды қар басып қалыпты. Жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде науқасқа жетудің басқа амалын тапқан. Асубұлақ подстанциясының аға фельдшері Ғалия Ерғалиева әкімдік пен полицияның көмегіне жүгінді. Мұндай уақытта көліктердің ішінде тек дрезина ғана қолжетімді болған. Бұл Өскемен - Огневка – Серебрянск бағыты бойынша теміржол жолын тексеретін жеке вагон, - делінген ақпаратта.

Осылайша, фельдшер Ердәулет Әділханов дрезинаға отырып, науқасқа көмек көрсетуге шықты. Ол тәртіп сақшыларымен бірге науқасты облыстық ауруханаға жеткізді.

Айта кетсек, ақпан айында жедел жәрдем қызметі обылс аумағында 700-ден астам шақырту алып, медициналық көмек көрсеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы