22 Қыркүйек 2026, 23:24 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

ШҚО-да жарнама түсіру кезінде жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті.

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік желіде тараған жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша полиция шара қабылдады.

Polisia.kz-тің мәліметінше, дүкенге арналған жарнамалық ролик түсіру кезінде жүріп келе жатқан көліктің жолаушысы басын терезеден шығарған. Полиция қызметкерлері бейнероликке қатысушыларды анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берді.

Көлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қозғалыс кезінде көліктен басын шығарған жолаушыға да әкімшілік шара қолданылды.

Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті. Әлеуметтік желіге арналған контент түсіру жол қауіпсіздігі талаптарын бұзуға себеп болмауы тиіс.