ШҚО-да жарнама мен көрнекі ақпарат мәтінінен 350-ге жуық қате табылды

Алматы, BAQ.KZ. ШҚО-да деректеме, жарнама мәтіндерінің дұрыстығын бақылауға үлкен мән беріліп жатыр. 

Бұл туралы өңірлік коммункациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Төлемісова Роза айтты, деп жазды Алтайньюс.

2022 жылдың наурыз-сәуір айларында «Сауатты жарнама – мәдениет нышаны» тақырыбында облыстың айлық өтті. Шара аясында Өскемен қаласы бойынша жарнама және көрнекі ақпарат мәтінінің дұрыстығын тексеретін «Тіл қорғандары» мониторингтік тобы құрылып, қала көшелеріндегі нысандарды аралап, иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті. Ондай жұмыстардың барлығы тегін жүргізілді, - деді Роза Әшімханқызы.

Биыл облыста 348 мыңға жуық нысан тексеріліп, 348 мәтіннен қате табылған. Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, табылған қателер жөнделген, ал жұмыстар осымен тоқталып қалмайды.

Тек мониторингтік топпен шектелмей, құзырлы органдармен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен, облыстық медициналық және фармацептикалық бақылау департаментімен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, - деп атап өтті ол.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы