ШҚО-да жалақы бойынша берешек прокуратураның араласуынан кейін өтелді

ШҚО-да жалақы бойынша берешек прокуратураның араласуынан кейін өтелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО Самар ауданының прокуратурасы жүргізген талдаумен «Самар» КМК еңбек кодексінің талаптарын бұзып, 37 қызметкерге тамыз айында жалпы сомасы 4,1 млн теңге жалақы төлемегені анықталды.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 2024 жылғы1 қазанда қызметкерлер алдындағы борыш толық көлемде өтелді.

Сондай-ақ, жалақыны уақытылы төлемегені үшін кәсіпорын ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша 221 520 теңге сомасында 60 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы