ШҚО-да зейнеткердің қаражатын жымқырған күдікті ұсталды

Жиырма бестегі жігіт 63 жастағы зейнеткердің қаражатын жымқырып қалған. Оқиға Алтай қаласында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция деректеріне сүйенсек, егде жастағы адам танысына өтініш жасап, банкоматтан екі ай бойы зейнетақысын алғызып жүрген. Кейінірек, зейнеткер өз телефонына банк қосымшасын орнатқан кезде, зейнетақысының бір бөлігі – жүз мың теңгесі қолды болғанын байқаған.

Күдікті кінәні мойындады. Қылмыстық кодекстің 189-бабының 1-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы