ШҚО-да зейнеткерден жүздеген патрондар мен оқ-дәрі тәркіленді

Риддер қаласында тұратын зейнеткердің үйінен жүздеген патрондар мен оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алтайньюс жазды.

Полиция қызметкерлері облыс аумағында «Қару» атты жедел шара жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде 62 жастағы тұрғынының үйінен 700-ден астам патрон, оқ-дәрісі салынған үш қап, жеті қорап тәркіленді.

Тұрғынының айтуынша, мұның бәрі марқұм күйеуінен қалған. Алайда, зейнеткердің өзі де күйеуі қару-жарақат иесі ретінде базаға тіркілмеген, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы