ШҚО-да заңсыз тұрып жатқан 11 өзбекстандық анықталды
Шығыс Қазақстан облысында заңсыз тұрып жатқан 11 өзбекстандық анықталды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Департамент мәліметіне сүйенсек, Зайсан ауданында көші-қон қызметінің мамандары базарларға, өңір аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерлеріне, құрылыс нысандарына тексеру жүргізді.
Соның нәтижесінде, аулалардың бірінде көзге түскен Өзбекстанның екі азаматының ықтиярхатсыз тұрып келгені анықталды. Шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша мемлекет аумағынан шығарылды, - деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы