ШҚО-да заңсыз тұрып жатқан 11 өзбекстандық анықталды
Шығыс Қазақстан облысында заңсыз тұрып жатқан 11 өзбекстандық анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Зайсан ауданында көші-қон қызметінің мамандары базарларға, өңір аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерлеріне, құрылыс нысандарына тексеру жүргізді.
Соның нәтижесінде, аулалардың бірінде көзге түскен Өзбекстанның екі азаматының ықтиярхатсыз тұрып келгені анықталды. Шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша мемлекет аумағынан шығарылды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бұдан бөлек, Алтай ауданында заңсыз тұрып жатқан 9 өзбекстандық анықталған. Оларға хаттама толтырылып, «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада әйел адамның мәйіті табылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы