ШҚО-да заңсыз цехтан 10 мың бөтелке алкоголь тәркіленді
ШҚО-да алкоголь өнімдерін заңсыз жасап шығаратын жасырын цех анықталып, оны ұйымдастырған тұлғалардың әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.
Дерек Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің көлеңкелі экономикаға қарсы жұмысының барысында анықталған.
Аталған жұмысты сонымен қатар ШҚО Прокуратурасы үйлестірген.
Тінту барысында алкоголь дайындайтын құрал-жабдықтар мен ыдыстар, есепке алу-бақылау маркасының 4 мың данасы және әр түрлі атауы бар 10 мың бөтелке дайын алкоголь табылып, тәркіленген.
Өскемен қалалық №2 сотының үкімі бойынша қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдаланғаны, заңсыз кәсіпкерлік қызмет жүргізгені үшін ұйымдастырушы мен оның сыбайластарына қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Алынған контрафактілік өнім жойылды. Үкім заңды күшіне енді, – деп жазылған Прокуратураның мәлімдемесінде.
ШҚО Прокуратурасының мәліметінше, жыл басынан бері осындай өнім шығаратын екі цехтің жұмысы тоқтатылды. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.